Көңіл айту
Бұл бетте «Көңіл айту» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бірге туған болғанмен,
Бірге жүрмек жоқ деген.
Адам қанша толғанмен,
Бар арманға жетпеген.
Өлсе өлді келінің,
Ол – Тәңірдің қалауы.
Өшпесін тек төрінің
Жағып кеткен алауы.
Жатқан жері жайлы боп,
Орын тисін жұмақтан.
Өссін саңлақ-сайлы боп,
Ұл, қыздары ұнатқан.
Қырқын күтіп отырдың,
Қалмасаң тек асына.
Өзіңнің де отыңның
Оралсаңшы басына.
Бұл тірлігің, әрине,
Елді риза етеді.
Мені-дағы, Арина
Есіңе алсаң не етеді?
Жан жоқ темір төзімді,
Бәрі өмірден өтеді.
Көрер болсам өзіңді,
Төбем көкке жетеді.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі