Даңғыл жол – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Даңғыл жол» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2028
Екі ортада тамаша
Бір даңғыл жол салынды.
Жарық беріп жаңаша,
Алаулатты жалынды.
Бұл жол біздің тілекті
Алға астырған секілді.
Жүрек пенен жүректі
Жалғастырған секілді.
Бұл жол біздің араны
Қосып түрған секілді.
Жасыл жайлау жағаны
Тосып тұрған секілді.
Осы жолмен еркелеп,
Жүре бергім келеді.
Есігіңе ентелеп,
Кіре бергім келеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері