Заман зауқы сəт сайын құбылады

Бұл бетте «Заман зауқы сəт сайын құбылады» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Заман зауқы сəт сайын құбылады...
Кім түсініп біздерді,
Кім ұғады?
Көз алдымыз мұнардан көрінбейді,
Көкіректе мың арман құмығады.
Тозбасына толайым көзің жеткен
Беріш еді біздегі төзім неткен?!
Ықыластар өлген жоқ!
Қыл қобызын
Құлағыңның тұсында безілдеткен!
Дала мұңын ұғатын құс тілінен
Дархан дəуір Ұрымға ұшты білем...
Аунап түсті Алатау ұйқысынан,
Аңдаусызда «əпші!..» деп түшкіріп ем.
Қайрағандай кездікті кезек-кезек
Қайран, тілді аламыз безеп-безеп!
Оныменен көшпейді көңілден мұң,
Оныменен өшпейді өзектегі от.
Көкіректе мың бір құс құмығады,
Сан құбылтып сайрайтын күні кəні?
Қай тұйыққа жолымыз тіреледі?
Қай жартасқа кемеміз ұрынады?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заман зауқы сəт сайын құбылады өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Заман зауқы сəт сайын құбылады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заман зауқы сəт сайын құбылады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заман зауқы сəт сайын құбылады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері