Ғажапсың, Өмір, ғажапсың! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ғажапсың, Өмір, ғажапсың!» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1174
Ғажапсың, Өмір, ғажапсың!
Қайғыдан қалай азатсың?
Таңғы ауаңменен талдыршы,
Тамырда қаным таза ақсын.
Көкіректен мəңгі шер кетсін,
Еркетай көңілім ержетсін.
Табиғат – ана əлдилеп,
Талбесігінде тербетсін.
Аптыққан көңіл басылсын,
Аспанның көзі ашылсын.
Əлемнің күллі ағыны
Кеудеме келіп бас ұрсын!
Тылсымның түріп түнегін
Алдымнан шықсын Жібегім.
Жанарым тұрсын жасаурап
Жарыла жаздап жүрегім.
Айықсын дерттен өн-бойым,
Ажалым жетпей өлмейін.
Көкірегім тұрсын шымырлап
Көгілдір қонған көлдейін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғажапсың, Өмір, ғажапсың! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ғажапсың, Өмір, ғажапсың! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғажапсың, Өмір, ғажапсың! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ғажапсың, Өмір, ғажапсың! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері