Тойға тілек

Бұл бетте «Тойға тілек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5973
Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Бір-біріне көптен ынтық қос үміт,
Бүгін, міне, гүл жайнады қосылып.
Тап осындай тамашаның тұсында
Жырлайық, дос, тұрмайық бос тосылып.
Өмір тойы, көңіл тойы – үйлену,
Үйлену – бір кереметтей күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
Осы күннен артта қалып балалық,
Осы күннен басталады даналық.
Жас жұбайлар болашаққа беттейді,
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып.
Ал, кәнеки, тойға келген халайық,
Шаттанайық, шаттық әнге салайық.
Жұбайларға бақыт тілеп баянды,
Үлкендердің ақ батасын алайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойға тілек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тойға тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойға тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойға тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері