Түйсік – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Түйсік» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 839
Алтын-ай,
Жұлдыз-жауһар
Қырмызы-күн.
Кигізді саусағыма жыр-жүзігін.
Аспанға алып ұшты періштелер
Демінен жаратылған үр қызының.
Қара бұлт -жабағы жүн түтіп өтем,
Құс жолы- құстың тамған сүті ме екен?!
Елдегі сапарымды қоя тұрып
Ғарышқа қол созамын шүкір етем.
Қараймын кең дүние келбетіне,
Қатар жүр зиялысы, жендеті де.
Бір кезде Алдар Көсе ат қып мінген
Шайтанның тұқымы бар жер бетінде.
Арғы жағым кетеді жүген жұлқып,
Бір сәтке жерге түсем , сілем құртып.
Жай таппай жай оғындай түйілемін
Кетердей түйсігімді түлен түртіп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түйсік өлеңінің авторы кім?

Аманқос Ершуов — осы өлеңнің авторы.

Түйсік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түйсік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аманқос Ершуов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түйсік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері