Мектебім, аяулы мектебім
Бұл бетте «Мектебім, аяулы мектебім» атты Бота Бейсенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.
Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,
Қайырмасы:
Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.
Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.
Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін
Маған бола апайдың өлеңін ұнады
Маған ұнады.
Өте керемет ән
Алғашқы қоңырауғ айтуға болам
Бул барлық кітапта бар гой ендеше буны кітаптанақ көшіріп алғанымыз жақсы
Күшті өлең . Маған ұнады. ☺
Маған ұнайды керемет
Өте жақсы
ұнады.
Керемет
Маған өте қатты ұнады
Күшті соңғы қоңырауға айтам
Өте әсерлі әрі мағыналы өлең екен. Мектебім, аяулы мектебім
шығармасында мектептің адам өміріндегі орны, білімнің қадірі өте әдемі жеткізілген. Әсіресе «білімнің бұлағы» деген ойы жүрекке жетеді, себебі мектеп шынымен әр адамның болашағына жол ашады.
Осындай мектеп туралы өлеңдер оқушыларға мотивация беріп, ұстазға деген құрметті арттырады деп ойлаймын. Кез келген адам бұл өлеңді оқып, өз мектебін сағынып, жылы естеліктерге бөленеді. Керемет жазылған, мағынасы терең туынды 👍
Жақсы маған ұнады
Адемы дауыс