Бұл бетте «Қасиетті домбыра» атты Бота Бейсенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлеңін жазған. Бота Бейсенова
Әнін жазған: Бота Бейсенова
Бабамыздың көзіндей қара домбыра,
Данамыздың сөзіндей дара домбыра.
Асқақтатып рухымды ағылт домбыра,
Әр қазақтың төрінен табыл домбыра.
Қайырмасы:
Шанағыңда ойнаған,
Үніңе еш тоймағам,
Қасиетті домбыра.
Күмбірлеген күйіңе,
Әрдайым мен сүйсінем.
Қасиетті домбыра.
Шанағыңнан төгілген күйің домбыра,
Арта берсін әр дайым сыйың домбыра.
Қастерлейді өзіңды халқың домбыра,
Тоғыз перне, қос ішек алтын домбыра.
Қайырмасы:
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі