Аяулы мектебім

Бұл бетте «Аяулы мектебім» атты Бота Бейсенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алғашқы қоңырау соғылды,
Гүл алып келемін.
Жаз бойы өзіңді сағындым,
Мектебім.

Қайырмасы
Аяулы мектебім,
Бағыңда көктедім.
Қуаныш күйін мен шертемін.
Аяулы мектебім - әнім,
Күндер-ай қызықты, шуақты
Өмірдің бастауы, мәні -
Алтын ұям.

2. Алғашқы қоңырау ашады
Білім күнін.
Бала жүз шуағын шашады
Естіп үнін.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері