Замана
Бұл бетте «Замана» атты Сатқан Молдақасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақша озды заманда ақылдан да,
Дарақы,тентек озды мақұлдан да.
Дөрекі,ұры-қары күні туды,
Сондайлар мықты болды батырдан да.
Бұл күнде сызбайластық толған заман,
Қарғалар қаз орнына қонған заман.
Бәйгеге арғымақтар қосыла алмай,
Шабандар аламанда озған заман.
Алаяқ параменен алды жүлде,
Баюда жылпостарың күннен-күнге.
Халқымның қаймағындай зиялылар,
Қалды ғой үнсіз болып енді мүлде.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі