Көңілім

Бұл бетте «Көңілім» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 804
Көңілде гүлдерім, –
Өмірде сембейді,
Жалынды тілегім,
Білемін, сөнбейді.
Жүрегім алаулап,
Көңілім қуанған,
Таң атып арайлап,
Көздерім жұбанған.
Жер қалай жаңғырған?
Таң ба бұл ағарған?
Көктем бе мұнарған?
Көн,ілім жаңарған?
Жоқ қайғы-күйініш,
Жүзімде сүйініш...
Кел, тыңда, – қолымда
Сайрайды сұлу құс...
Көздерім қуанды,
Көңілім жұбанды!..

Ташкент, 1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілім өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Көңілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері