Достық дәні – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Достық дәні» атты Тайыр Жароков жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 759
Айдыны аспан сүйген Ақ Жайықтың
Жайнаған жасыл тоғай жан-жағы ықтын,
Ақтарып ақ бидайдың атырабын
Толықсып тұр тамаша ғажайып күн.
Жайықтың жазғытұрым жонына еккен
Жайқалып егін адам жолын күткен,
Қырманға, күз маржандай құйылды кеп
Қызыл дән Чапаевтан, Жәнібектен.
Машина көтере алмай дән салмағын,
Жондардан көрдім ойып жол салғанын,
Шағанның шалқып аққан шалқар суы
Тұр шаққа басар-баспас жер шаңдағын...
Молдаван, Азербайжан жастары да
Ұл, қызы Вьетнамның қостады да,
Ақ Жайық жонына кеп құлаш жайып
Тоғысты қырда қазақ достарына.
Оралдың жатқан жазық даласына
Екті де еркін қолдар дән асыра,
Достасқан ел ұлының жүрегінің
Шаттығы тұр симай көз шарасына.
Еңбектен елге сыйлық тартып астық,
Шаттанып, шағымыз ба, шалқымастық,
Отанның қоймасына құйды Оралым
Міне елу миллион пұт алтын астық.
Туған ел, бұл тасқыны өр қайраттың,
Сен үшін рапорт қып өлең тарттым,
Халқымның осы үлесі — бастамасы
Беретін Қазақстан миллиардтың.
Отанға дәннен сыйлық тартылған күн
Қалайша жыр шырқамай тартынармын,
Күшейткен ел еңбегін достастырып
Атына айтам алғыс Партияның.
Тасқындап Оралдағы астық дәні
Құйылды,— мұның өзі достық дәні.
Көңілді қоңыр күзде шырқатылды
Жаңғыртып Ақ Жайықты достық әні.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достық дәні өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Достық дәні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достық дәні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достық дәні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері