Ән - аққан – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Ән - аққан» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1230
Жабалға

Талай кешке дауысың төкті жарық,
Сол бір жарық кенеттен көкті қарып —
Бір әдемі әуенге ілестің де,
Қара түнде жұлдыз боп кеттің ағып.
Кеттің ағып,
Қайта кеп көріспедің.
Елдің шашу-шуағын көп ішкенің...
Сәуле сеуіп тұрушы ең маңайыңа,
Пейіштегі кейпінде періштенің.
Күн де ұзарып, жатқанда гүл қызарып,
Өте шықтың жарқ етіп түнді жарып.
Отырғанын көп көрдім, сені жоқтап
Түн көзінен талайдың жұлдызы ағып.
Әннен бөтен білмедің арманды өзге,
Алтын тердің. —
Алданбай жалған жезге...
Сенің даусың аспаннан естілердей,
Әр кеш сайын жұлдыздар жанған кезде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән - аққан өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Ән - аққан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән - аққан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән - аққан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері