Бұл бетте «Өлең - көктем» атты Светқали Нұржан жазған табиғат туралы өлең берілген.
Құстар әні думан ғып бар алапты,
Қайқы бұлақ сай-сайға тарап ақты.
Бар қызығын төсіне жиып алып,
Барақатты, бағыбан дала жатты.
Бәйшешек пен қызғалдақ қырда дүреп,
Маған бейне дейтіндей: "жырла, жүрек!"
Гүлді кешіп жүргенде,
Кенет менің
Кеудем көктемгі аспандай шулады кеп!
Жер ұғысып жаныммен, көк тілдесіп,
Жасыл дария үстінен өттім көшіп.
Сансыз сурет,
Қисапсыз қиқулы әнге
Көз талдырып,
Даусымды кеттім қосып.
Ақындықтың қазір мен күйін кештім,
Өлеңіммен келеді түйін шешкім.
Көктем келген, нөсерлі жанымдағы
Сезер ме екен ғажайып күйімді ешкім?!
1978 ж.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі