Қызым менің – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Қызым менің» атты Қалқаман Сарин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.01.2017
  • 1
  • 3
  • 71328
Қызым менің,
Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.
Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,
Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.

Қызым менің,
Қылығыңды тәп-тәтті жүзім дедім.
Бұл өмірдің бақ тұнған бақшасынан,
Жемісіңді қалаған үзіп жегін.

Қызым менің,
Болашағыңды ойлаумен бұзылды өңім.
Қысқа-қысқа тағдырлар құрайды екен,
Тарам-тарам тірліктің ұзын жолын.

Қызым менің,
Бой жетерсің боялып қызылға ерін.
Бұл әкеңнің тілегі: анаңдай бол,
Анаң сенің атанған түзу келін.


Пікірлер (3)

Раушан

Өте өте күшті

Жібек

Саламатсыз ба?Калкаман ага мен сиздин коп олендеринізди суйп тындаймын жане окимын отте керемет магыналы асерли сондай керемет жаксы коремиз сізді алдагы наурыз мерекесимен куттыктаймын

маржан сарин

менің жасым 8 де менде өлең шығарамын

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері