Мысық адам туралы

Бұл бетте «Мысық адам туралы» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 581
У ма,
Су ма, кім білсін ұрттағаны,
Өзі мысық болған соң – мұрт болады,
Көзі қысық болған соң –
Сөзі пысық,
Ашымаса қайтесің жұртқа жаны...
Терең өзен танылар Балқашымен,
Тау да биік көрінер жартасымен.
Мейлі қалай лақтыр,
Мысық адам
Ешқашанда түспейді арқасымен.
Мін көрінбей өзіне мыстан қылық,
Мына бізді ойнайды тышқан қылып...
Добы болып сау басың додасына –
Достың өзін жіберер дұшпан қылып.
Төр сонікі – аттаса босағаны,
Төңірегі – туысы, дос адамы.
Өз дегені болсын тек – қиналмайды,
Өзгелердің ақса да жоса қаны.
Мұртын қойшы?!
Аумаған көзі, қасы.
Әзер шыққан әзілі, базынасы.
Алда-жалда аз болып өз «еңбегі»,
Аңдығаны – «халықтың қазынасы».
Сенің сорың – онымен танысқан күн,
Қабырғасы қақырар қарысқанның.
Аяушылық жасапты ғалымдар да:
«Азып-тозған түрі, – деп, – арыстанның!»
Не десе де, тілегі, тілі – мысық,
Жүргені сол жұлып жеп, жұлып ішіп...
Сен де мысық болуың керек, досым,
Түсінісіп алғанша, ұғынысып...
Ұнамайды бәрібір ісің оған,
Сұрапылдан кем соқпас сұсы жаман.
Арамзадай алдыңнан кесіп өтер,
Арамызда әлі жүр мысық адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мысық адам туралы өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Мысық адам туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мысық адам туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мысық адам туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері