Қарындастарыма

Бұл бетте «Қарындастарыма» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Айтылмай мынау сөзім қалған дағы,
Жоқ болса қыздың теңі - арман дағы.
Жігіттің сырт омынан іші аспаса,
Сол қызға бір қосылған «арлан дағы».
Теңі боп айтып өткен әлгі қыздың,
Жігіттің қай сенері барған дағы,
Қызбенен бірдейлік пе, асарлық па,
Тапқаны қыздың бар ма, нанғандағы.
Сыр - сипат, өнер, білім бойында боп,
Ол дағы ғашық отқа жанған дағы.
Сыр - сиық, мінез - қылық үйлеспесе,
Қадірсіз, қымбат басың арзан дағы.
«Жар» десем жалпы жасқа арнап айтам,
Түбінде есетіні ізде қамдан - дағы!
Тәрбие, оқу - білім, әдеп, үлгі
Қылатын бізді жақсы бұл маңдағы.
Біріксе бірдей мінез екі құрбы,
Сол екен жер - жиһанның таңданбағы.
Күң болма, ез - ынжыққа, қарындасым
Абайлап асыл тауып ал аңғар дағы.
Таңда, тап, сүй, құшақта, күліп - ойна!
Жастыққа жақсы жармен жарналас бол!
Қызық сол, жарқындарым, жалғандағы.


Пікірлер (1)

Алтай

Өте керемет жаксы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарындастарыма өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Қарындастарыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарындастарыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарындастарыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері