Алаңға шық, ағайын!

Бұл бетте «Алаңға шық, ағайын!» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 569
Көшеде,
Тар қуыста – қалтарыста
Тақаспа, тайталаспа, арпалыспа!
Ағайын, абыржымай Алаңға шық,
Айтуға Ақиқатты арқа қызса.
Халқыма қайғы, реніш, мұң келерде,
Болмайды ойға – қысым, тілге – керме.
Ағайын, алдыменен Алаңға жет,
Алқынып сөйлеу үшін мінбелерде.
Тудырса тыныш күнде заман қайғы,
Айтуға – Елің, Жерің, Далаң жайлы.
Айтуға Ар-намыстың ақтық сөзін
Адамзат Алаңына алаңдайды.
Емес ол ескі базар, би алаңы,
Үлкен Үй – Үкімет Үй зиялы әлі...
Айтуға ақиқатты күн келгенде
Ел-жұрттың басын қосар қиядағы.
Тудырар мың күн қырсық бір күн егес,
(Жөні жоқ айқайлаудың жыртып өңеш).
Алаңда адал сөзді айту үшін
Рұқсат берілмеуі мүмкін емес!
Жүректің орын болмай сызатына,
Түспейік өкініштің біз отына.
Алаңда әділеттің туын тігіп,
Әмәнда жол бермеңдер бұзақыға.
Өртеніп от түскенде өзектерге,
Тек қана әділдікті сөз еткенде.
Алаңға андағайлап тартады жұрт
Намысы шыдатпаған мезеттерде.
Бірлесіп, қол ұстасып қадам басып,
Көрсетіп көңіліңді адал, ғашық.
Тағайын тілегіңді айту үшін,
Ағайын!
Алаңға шық, Алаңға шық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаңға шық, ағайын! өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Алаңға шық, ағайын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаңға шық, ағайын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаңға шық, ағайын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар