Бірге жүрген таныс-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бірге жүрген таныс-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3442
Бос қопаның құрағы-ай,
Жанып тұрған шырағы-ай.
Елден алыс барамыз-ай,
Қай жер мекен тұрағы-ай.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.

Қара мекен туған жер,
Күнде думан болған ел.
Туған жерден дәм айдап,
Кетті-ау алыс біздің ел.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.

Бос қопаның қамыс-ай,
Әттең, жердің алысы-ай.
Көзге ыстық көрінер,
Бірге жүрген таныс-ай.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.

Қаракердің шабысы-ай,
Аяғының шалысы-ай.
Барар едім сан рет,
Әттең, жердің алысы-ай.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері