Тәуелсіздік!
Бұл бетте «Тәуелсіздік!» атты Қалқаман Сарин жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
Өлеңдеріңіз керемет жазылған.Сіздің өлеңдеріңізді оқушыларыма жаттатып,мәнерлеп оқу байқауына қатыстырып жүрмін.
оте керемет олен
өте керемет өлен менің ойымша ен күшті мағыналы өлен деп ойлаймын
Ғажап өлең , əдемі ғажап өлең
Осы ғашық боп қала берем
ӨТЕ КЕРЕМЕТ МЕН ОСЫ ӨЛЕННІҢ АРҚАСЫНДА 1ОРЫН АЛДЫМ
Өте əсерлі
Ақындардың тәуелсіздік туралы өлеңдерін ақынның атымен өлеңнің атымен жазып жіберіңіздершi жалынам бүгін керек
Өте керемет. Осы өлеңнің арқылы 2орын алдым.
Керемет өлең. Мағанда қатты ұнады.Бірақ біз мектепте Қаламан Сариннің тәуелсіздік туралы бірақ басқа өлеңін жаттадық
Жырларыңыз өте керемет,мағыналы тамаша жазылған екен. Маған ұнады.Ісіңізге сәттілік.
Маган унайды осы оленыз мулдем есымнен шыкпайды
Маған қатты ұнады
Оқушы бойына патриоттық сезі тудыратын ғажайып туынды
өз өзіме сəттілік тілеймін ертең олимпиадада осы өлеңді айтамын
Өте керемет өлең екен. Патриоттық өлең
Шынымен ақ күшті екен
Жақсы мағналы өлең өзіндік бір ерекшелігі бар маған ұнады
Өте керемет.
Мяя мен орыс болсамда осы оленды цнатып калдым
Өте керемет маған ұнады тек көп болса оданда керемет еді
Рахмет,жігер мен шаттыққа,намысты жандыратын өлеңдеріңіз үшін.
күшті
Өте керемет!
Оте кушти магыналы олен!
Керемет өлең.
Өте əсерлі
Әсерлі өлең
Арал
Өте керемет өлең тағыда басқа өлеңдеріңіз жарық көре берсін
Ойнап айтам
Маған сәттілік
Керемет!
05.11.2019 15:42
Жырларыңыз өте керемет,мағыналы тамаша жазылған екен. Маған ұнады.Ісіңізге сәттілік.
оте керемет олен
Осы өлеңді үшінші жарысыма алып барамын.Осы өлеңмен шыққан сайыстарымда ешқашан жеңілген емеспін! ????
Қатты әсерлі емес
керемет
Өте керемет өлең )❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Бұл «Тәуелсіздік» өлеңі еліміздің егемендігі мен азаттығын, бабалар аңсаған арманның ақиқатқа айналғанын көркем тілмен жеткізеді. Өлеңде тәуелсіздік пен еркіндіктің қадірі, ел тағдыры мен халқымыздың бірлігі терең әрі әсерлі бейнеленген, оқырманға патриоттық сезім мен тарихи ой тастайды.
Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік!» поэмасы – жүректің түбінен шыққан патриоттық толғаныс, қазақтың азаттық жолындағы барлық құрбандықты, арманды және аманатты бір өлеңге сыйғызған нағыз ұлттық гимн! Қалқаман ағамыздың осындай терең, отты өлеңдерін жинап, әр қазаққа қолжетімді етіп жүргендері үшін! Тәуелсіздік – аманат, тәуелсіздік – өлең, тәуелсіздік – мәңгілік бақыт. Оны сақтайық, қадірлейік, әр таңды сүйіншілеп қарсы алайық!