Қызым менің...
- 1
- 3
Қызым менің,
Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.
Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,
Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.
Қызым менің,
Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.
Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,
Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.
Ауылға бардым... бала күндерім кекілді,
Алдымнан шықты. Ақ жауын жуып бетімді,
Алақаныма тамшысы жылы тиеді,
Аяулы анамның аппақ жаулығы секілді.
Жылы жаңбыр құйып тұр. Құйса, құйсын!
Далам жатыр аңқытып жусан иісін.
Жалаң аяқ жүгіріп мұндай шақта,
Еркелеген анаңа бір сәбисің.
Гулзипа
Керемет... Окып асер алдым. Акемди катты сагындым омир неткен катал еди...
Гүлжамал
Иә,өлең керемет жазылған екен. Көңілді босатады.Адам өзінің бул өмірде ең қымбатты жандарынан айырылғанда гана өлімнің не екенін түсінеді. Қайран ата-анам сіздер мәңгі есіміздесіздер, жатқан жерлеріңіз жайлы,топырақтарыңыз торқа болғай!
Гүлжамал
Жақсы, көңіл толқытатын өлең. Марқұм болган ата-анамды еске түсіріп отырмын,жандары жанната болғай!
Гүлшат
Ия жүректен шыққан өлең жолдары жүрекке жетеді. Бұл өлең әкеге деген сағынышты сезімді дәл беріп тұр. Қайран әкем 8 ұл-қызды тәрбиелеп адал еңбек етіп бізге әрдайым үлгі бола білді. Мың алғыс сізге ӘКЕ. Сіздің айналайын деген бір сөзіңіз неге тұрады. Әкеміз бен Ансларымызды қадірлейік‼️