Ақманай

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1005
Ай астында айнадай
Айдын көлің Ақманай,
Толқыныңа ай қарай, —
Аймалап таң атты арай.
Жағаң жасыл шымылдық
Жайқалып тұр ақ қайың,
Толқыныңа шомылдық,
Қарсы алды бау-бақтарың...
Ой, қырыңды ораған
Бұлақтарың сарқырап,
Орман шашын тараған
Күн сәулесі жарқырап.
Суық күміс айдын көл
Жиектессің Жайықпен,
Тыныстап бір алдым дем
Құлашымды жайып кең.
Аққу ұшып, қаз қонған
Ақманайы Уфаның,—
Аймағы айқын жаз болған
Сүйем жаңа ұрпағын.

Уфа, 1954


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақманай өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Ақманай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақманай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақманай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері