Москва

Бұл бетте «Москва» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 876
Алатау алтын төскейден
Мал баққан шабан жүрегі
— Қуана соқса кэш жерден
Ойнайды завод гудогы.
Москва барса, мінетін
Турксибі құстан да Ұшқыр,
Еділ жүзсе әзір,
Самолет дайын ұшса да.
Жүрегінің үстінде,
Ордені күннің көзіне
Шағылысқан, есінде
Москва тұрар сезіле.
Жалғыз ғана ол емес,
Талай миллион шабанның
Москва тұрар көзге елес,
Сәулеті қызыл алаңның:
Қызыл алаң, Мавзолей
Төрінде Ленин реңі;
Елімнен бүкіл сезілген
Соққандай Ленин жүрегі.
Шұғлалы күннің көзінен
Кремль — штаб; шың құзым,
Кремльдің өзінен
Көремін бақыт жұлдызын.
Сол бақыттың жұлдызы
Бастаған сайын жарыққа,
Күннен де күшті бір қуат
Құйылады халыққа.
Москва сұлу келбетің,
Халыққа — нұр, жауға — өрт!
Жиһанға маяк сәулетің,
Жүрегі елдің өзің тек.
Кім бақытты — сол елде жаз,
Бізде бақытты адамзат;
Кім қуатты сол жеңімпаз,
Бізден күшті адам жоқ.

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Москва өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Москва өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Москва өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Москва өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері