Мойындау – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Мойындау» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 607
(1815)

Жасырам деме жалынды
Өшер де, кетер дерегі.
Тал түсте жалын — сағымды
Түтіні-ақ ұстап береді.
Жасыра алмас шын ғашық,
Жүректе тұнған сезімді.
Жүзіңнен сұп-сұр, сұр қашып
Өрт буар екі көзіңді,
Өлеңді жасқау, тұмшалау —
Қасірет. Жүрек сөзі ол.
Іште — өрт.
Тілден шықса — алау.
Ақынның жаны, өзі ол.
Жансын,— деп ақын,— еңбегім.
Өлеңнен өрнек тоқиды.
Бәрібір: тер сен, терме мін.
Жарқылдап жырын оқиды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мойындау өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Мойындау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мойындау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мойындау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері