Үнсіз жүрек

Бұл бетте «Үнсіз жүрек» атты Айбек Бестенқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ол кезде жырсыз жүр ек үнсіз жүр ек,
Сезімді тапқан сен ең шын сүзгілеп.
Үміттің құба таңын атырғансың,
Қымбаттым ұнатамын бір сізді деп.

Әлі есімде сәулесі ақ таңдардың,
(Тек мен ғана өзімді тәтті алдармын).
Достарыма көрсетіп суретіңді,
Мынау менің қызым деп мақтанған күн.

Қуаныш па білмедім мақтаныш па?!
Жетердей болып едім тап ғарышқа.
Жаныма жақындауын жақындап ап,
Кеткенің не қымбаттым қатты алысқа.

Демеймін бізге қарап құнсыз жұп ек,
Ұстаған қолда кетер тілсіз гүл ек.
Үндемей кетіп қалған сені ойласам,
Үндемей мұңаяды үнсіз жүрек...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үнсіз жүрек өлеңінің авторы кім?

Айбек Бестенқұлов — осы өлеңнің авторы.

Үнсіз жүрек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үнсіз жүрек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айбек Бестенқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үнсіз жүрек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері