Атаның батасы – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Атаның батасы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қатайса қабырғаң,
Шапқандай қамалға,
Ұста аттың жалынан!
Шындықтың шылбырын,
Туралық тізгінін
Босатпа қолыңнан!
Қанжығаң майланса,
Көңілің жайланса,
Ауырды босқа артпа.
Шірітпей терлікті,
Жұқала көпшікті,
Айылды бос тартпа.
Жүргенде талай жол,
Қамшыңа абай бол,
Жолама қақ-соққа.
Жасасаң күтім көп,
Ер-тұрман бүтін боп,
Жетесің мақсатқа.
Әумин!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атаның батасы өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Атаның батасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атаның батасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атаның батасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері