Атамның ақылы – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Атамның ақылы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Дау-дамайсыз бола ма?
Таяқ жедім далада.
Атам айтты:
«Әзәзіл
Кірген ғой деп араға»
Шамасы, оңбай құладым,
Келіп отыр жылағым.
«Қайдан келген Әзәзіл!» –
Деп атамнан сұрадым.
Атам айтты:
«Ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос!
Сабыр сақтай білмесең,
Өмірің де өтер бос.
Ата-анаңның тілін ал,
Жолдасыңның сырын ал.
Әзәзіл мен әдептің
Ара жігін біліп ал!
Жамандыққа бастама,
Тамақты ашық тастама.
Ашық қалған асыңды
Шайтан ішсе – масқара!
Таза киін, таза жүр,
Ойыңды айқын жаза біл.
Адал болып, ақ жүрсең,
Жоламайды Әзәзіл».
Ұқтым сөзін атамның.
Білдім сырын қатамның.
Әзәзілді жолатпа
Шетіне де Отанның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атамның ақылы өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Атамның ақылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атамның ақылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атамның ақылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері