Төр – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Төр» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1350
Ат жалын тартып мінер халге жеттім,
Аяқ сап үзеңгіге, ерге жеттім.
Ерім деп еркелетер елге кеппін,
Алпыстай асуды асып, төрге кеппін.

Біреулер отырса да бұзып-жарып,
Төр деген орын емес қызығарлық.
Кісінің төрде отырған көп алдында
Көрініп тұрады екен ізі барлық.

Көз сүзіп отырғандар босағада,
Төр қашан босайды деп тоса ала ма?!
Төр деген биік тұрған төбе-сынды,
Меніңше, бар кілтипан осы арада.

Жібермей жақсы деген адамды алға,
Төбеге ұмтылады жамандар да.
Жарбиып жапалақтар жарға қонса,
Томағаң алынбаса, амал бар ма?!

Жаманның аяқ асты жанса бағы,
Төменде жүргендерді қор санады.
Отырса төрге шығып төре болып,
Сөйлейді аузы қисық болса-дағы.

Жараған қазағымның әжетіне,
Таласқан пысығы да, өжеті де,
Төр деген жер емес пе көрге жақын,
Төрге көп қызығудың қажеті не?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төр өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Төр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері