Мәңгілік Ел – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Мәңгілік Ел» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аспанның нұрланып ажары,
Тасытты береке қазанын.
Азаттық қыранын самғатып,
Әлемнің аудардық назарын.

Жасампаздық көшіндегі
ұрпақтарды бастасын.
Ұлы Дала төсіндегі
Мәңгілік Ел жасасын!

Жаратқан Тәңірге сиындық,
Ұлағат сөзіне иілдік.
Ынтымақ ұйытқан халықпыз,
Көк тудың астына жиылдық.

Бейбіт күн орнасын төрінде,
Сандуғаш сайрасын жерінде.
Бақыттың жұлдызы, жарқыра
Тәуелсіз Қазақстан көгінде!


Пікірлер (1)

Rose

Маған Жаңа жыл туралы өлең осы жерге жаза аласыздарма? Пж маған срочно керек болып тұр еді!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері