Алшыңнан тұр да жүзге жет – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алшыңнан тұр да жүзге жет» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2362
Қолды-аяқты баладай,
Қарасаң шағын тұлғасын,
Жастарға туған ағадай,
Елуге кепті бұл Қасым.
Аязды жылдар қарыған,
Маңдайда әжім қыртысы.
Бір өзіне дарыған,
Жүз адамның күлкісі.
Жайнап бір тұрған гүлдейсің,
Мәжіліс-мейрам дегенде.
Отыратынын білмейсің
Орнығып қай кез өлеңге?
Серпіле қалса бірақ та,
Серігі болып түнгі аспан.
Айналасы бір апта —
Алдында жатар бір дастан.
Ақсақал берер батадай
Айтатын сөздер сізге көп.
Қорғасын құйған сақадай,
Алшыңнан тұр да жүзге жет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алшыңнан тұр да жүзге жет өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алшыңнан тұр да жүзге жет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алшыңнан тұр да жүзге жет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алшыңнан тұр да жүзге жет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері