Сөнбейтін жыр – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сөнбейтін жыр» атты Сырбай Мәуленов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2203
Баяғыдай күн шашқан күмістерді,
Баяғыдай сырласқан шығыс желі.
Бірақ көзге түспейді тағы да бір
Өлең соққан заводтың жұмыскері.
Жүрмеді ол жайына жанын бағып,
Түсті майдан күреске дабыл қағып.
Жатыр ұйықтап жорықтан оралғандай
Туған аспан астында дамыл алып.
Қарауытып қабағы жағалай жар,
Күрсінеді алыста ағады Айдар.
Комиссарын күзеткен солдаттардай
Жас қабырды қоршайды қарағайлар.
Жылдар ұшып жалында арғымақтың,
Өзгергенмен өмірде бәрі заттың.
Өлең қалар өзгермей өз күйінде,
Кеудесінде күмбірлеп табиғаттың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөнбейтін жыр өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сөнбейтін жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөнбейтін жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сөнбейтін жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері