Волхов гэс-і немесе генералдың – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Волхов гэс-і немесе генералдың» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2320
АҚ ШАШЫ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА
Вокзал алаңынан өтіп алды,
ГЭС-ке жау сегіз жүздей метр қалды.
Анталап алдағы бір көпірді алды,
Енді жау ГЭС-ке төрт жүз метр қалды.
Фашистер ГЭС-ке орнатпақ ақшамда ту,
Шешімді керек енді шапшаңдату.
Волховтың ГЭС-ін жауға қалдырғанша,
Дұрыс болар мина қойып аспанға ату.
Жоқ, генерал бұл ойдан берді тайқып,
Жоқ, геиерал бұл ойға келді қайтып.
Жоқ, генерал бұл ойдан безді мүдде,
ГЭС-ті берсе көреді елді қайтіп.
Осы ГЭС от асуы жолда тұрған,
Лениннің өз кезінде орнатылған.
«Бұл ГЭС-ті бұза алмаймын өз қолымнан,
Соғамын соңғы қамал солдатымнан».
Осы оймен тұрды ол жаудың бөгеп алдын,
Атылды өзін ГЭС-ке теңеп әркім.
Сол сәтте маңдайына әжім түсіп,
Сол сәтте шашы ағарды генералдың.
Сол сәтте өзен өксіп жылағандай,
Сол сәтте аспан жерге құлағандай,
Сол сәтте көк ормандар тұра қалды
Қанды өртте жанып жатқан тірі адамдай.
Жасындай ойнаған бұлтқойынында
Сол сәтте жүгірді оның ойы мыңға
Өзге емес, өзгелердің балапандай,
Тағдыры тұрды асылып мойынында.
Ант берді ол тоқтамасқа жеңбей жауды,
Волховтан талай солдат келмей қалды,
Бірақ та солдаттардың жанарындай
Волховтың миллион көзі сөнбей қалды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Волхов гэс-і немесе генералдың өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Волхов гэс-і немесе генералдың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Волхов гэс-і немесе генералдың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Волхов гэс-і немесе генералдың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері