Қажымұратқа алғысым – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қажымұратқа алғысым» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 728
Төлегендей мүсінші інім қасымда,
Тұрдық үнсіз Еркін аға басында.
Осы да бір есте қалар мезет­ау,
Айқын таңба біздің шеккен ғасырға.
Белгі ғажап Ерағаңдай асылға,
Сүйсіндірер көрген дос пен қасын да.
Өшпестей боп ел алғысы жазулы
Ескерткіштің биік тұғыр тасында.
Тере берсем ой жетеді ақынға,
Сәт үйір­ау жүректері жақынға.
Еркін төрі – орталығы ауданның,
Дана туған Ғабит аға атында.
Мың сыбырлап, тебірентеді ойдағым,
Бір өзіңе алғыс айту сондағым.
Бір ауданды атап Мағжан атымен,
Сәбит, Ғабит жасап кеттің тойларын.
Мәриям апай бәрін көріп үлгерді,
Президент те оған тойлы гүл берді.
Көзім көрген, ұмытуға хақым жоқ
Жыр төгілткен сол тарихи күндерді.
Бұл күндерді десең неге толғаттың,
Қажымұрат, алғыс айтар жол таптым.
Ел Еркінмен еңіреп жүріп қоштасса,
Сен тас белгі – зор ескерткіш орнаттың.
Еңбек Ері, азамат қой аты ірі,
Маған керек жан ағаның бақұлы.
Мың, мың рақмет!
Бақытты бол, Қажеке,
Солтүстіктің сол кездегі әкімі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажымұратқа алғысым өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қажымұратқа алғысым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қажымұратқа алғысым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажымұратқа алғысым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері