Мән мен сән – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Мән мен сән» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1021
Гүл-гүл ерін... бал жұқтыра өпкенде —
Сол ерінге қалса жігіт боп пенде.
Тіршіліктің мәні, сәні — бір қыз боп,
Жүрегіңе нұр құйылып кеткенде.
Не айтар ең?
Дейсің сол кез менімше.
Көндім дерсің, өлдім дерсің - жеңілсем!
Садақа еттім дерсің со кез бәрін де!
Көніп қалма, бірақ арың төгілсе.

Ақтау, 12 қазан 2003 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері