Өлең, жыр, ақындар

Болғаным үшін мен – Қазақ...

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1235
Өмірге мені жаратқан,
Айналдым осы Қазақтан!
Ұтылмаған бірақ та,
Құтылмаған азаптан!
Шуағын шашқан күн ғажап,
Жер үсті тұнған гүл ғажап,
Жаралған жерде ең алғаш,
Болған шығар бір қазақ.
Ана сүтін бәрі емген,
Перзент тарап бар елдан,
Сол қазақ менің тегімді,
Тең еткен күллі әлеммен.
Өмірде қымбат болды азап,
Өмірде жұмбақ мол ғажап,
Жаралған жерге бірінші,
Таратқан бізді сол қазақ!
Өткені өтті талайдың,
Бұрылып мен де қараймын,
Сол қазақтан Тоғысып,
Сол қазақтан тараймын.
Тоғысқан талай жолдары,
Маңдайға бақыт қонғаны,
Мен үшін бәрі туысым,
Қазақпын десе болғаны,
Сыздаған жүректен жауырын,
Бұлттардың көрдім ауырын,
Қазақтың бәрі қазақ қой,
Тұтастай бәрі бауырым,
Бауырым, ұлтым жақұтым,
Жаратқан мені, Уақытым.
Болғаным үшін мен – Қазақ,
Бақыттымын! Бақытым!

13 Маусым 2014 жыл
Террагонна қаласы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Барселон

  • 0
  • 0

Ағып жатыр әрбір тұстан жылғалар,
Дүниеден күтетіндей, бір хабар,
Барселонда Барселондық мінез бар,
Барселонда Барселондық мұң да бар!

Толық

Жолда тас жатыр!

  • 0
  • 0

Еңсе де жанарыңа сұрақ, күдік,
Өмір өтіп барады жылап, күліп...
Қызықсың-ау, о, адам, жолдарыңнан
Қозғамадың сол тасты құлап тұрып.

Толық

Денсаулық қайтып келмейді

  • 0
  • 0

Денсаулық қайтып келмейді,
Ажал айтып келмейді.
Өмірге адам сенсе де,
Өлімге адам сенбейді.

Толық

Қарап көріңіз