Күзгі бұлт – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Күзгі бұлт» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1161
Құдіреттің сусындай боп,
Қас-қабағы жалбырап
Түнергенде, қорқыныштан
Дір-дір етті тал, құрақ.
Шықпады ма иесінің
Көңілінен бұлт, пақыр
Жырта салды.
Жер аңсаған
Бал шәрбатын жұтты ақыр.
Бұлт ызақор
Бұлқан-талқан,
Долы ұлдай еңіреп
Күн көңілшек.
Күліп еді,
Жайнап кетті төңірек.

Ақтау, 25.11.04 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері