Менің музам – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Менің музам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3296
Қанағат қып өзімде барға деген,
Жазбадым жалтақ өлең, заржақ өлең.
Оған менің жыртық жең жырым куә,
Бір жолыңды саудаға салған емен.
(3. ТІЛЕУЖАНОВ. Ой ағысы. 3-бет)
Әдетімнен жомарттық танған емен,
Ақырындап, аяңдап барға келем.
Төгіп-шашып отырам барым болса,
Шылым шеккен қыздарға арнап өлен..
Ағыл-тегіл жыр ағып арнаменен,
Қиял шіркін кетеді самғап ерен.
Сыбырлайды Муза кеп құлағыма,
Ақын болмай асатын сонда менен.
Жазған емен, бірақ та жалған өлең,
Өткен күнді көксейтін заржақ өлең.
Оған менің жыртық жең жырым куә,
Бір жолын да саудаға салған емен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің музам өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Менің музам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің музам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің музам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері