Кел, екеуміз тост айтайық, – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Кел, екеуміз тост айтайық,» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кел,
екеуміз тост айтайық,
қаңсыған сағыныш тостағанын көтеріп,
ғашықтықтан зардап шеккендер үшін;
күлсалғыштан шұбалған түтін
бөлмені кезіп,
төрт қабырғада сенделгенін көрдің бе?..

Кел,
екеуміз тост айтайық,
мерт болған сезімдердің мүрдесін сүйреп,
көзінен бір тамшы жас шықпайтындар үшін;
терезеге қайта-қайта соғылған
жынды көбелектің қанаты өртеніп,
шырқырағанын көрдің бе?...

Кел,
екеуміз тост айтайық,
тоқтамай сөйлейік,
ұзақ жыр оқиық,
жер жұтқан іздері көрге шұбырып,
дұға дәметпейтін күнәһарлар үшін;
қапырық бөлмеде күрсініске тұншығып
солған гүлдің шөліркегенін көрдің бе?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кел, екеуміз тост айтайық, өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Кел, екеуміз тост айтайық, өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кел, екеуміз тост айтайық, өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кел, екеуміз тост айтайық, өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері