Бастық пен басбух – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бастық пен басбух» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1319
Бір мекеменің бастығы болды,
Өзіне сай басбухы болды.
Төрт түсті қаламы болды,
Қаламы емес, амалы болды.
Мәнін айтып ісінің,
Алдына келген кісінің
Қайтармады меселін,
Білді іштей есебін.
Япырмай, неткен мырзалық,
Бәрін бірдей ырза қып,
Сұраса да қарызға,
Қолын қойып арызға,
Басбуғына жұмсады,
(Бастыққа кім ұрсады?)
Басбух көріп арызды,
Орындайды парызды:
Қол қойылса қызылмен,
Күн күлімдеп жүзінен,
Айқара ашып кассасын,
Ұсынды тез ақшасын.
Қол қойылса көкпенен,
Сылтау айтып ептеген,
Қелгенің жөн ертең деп,
Жауап берді кердеңдеп.
Қол қойылса сарымен,
Сөзді қозғап әріден,
Екі-үш рет барсаң да,
Салып қояр сарсаңға.
Қол қойылса қарамен,
Тарылғандай бар әлем,
Тас түйіліп қабағы,
Түнеріп бір қалады.
Он күннен соң кел дейді,
Ай өтсе де, бермейді.
Солай, достым, ұғып ал,
Сияның да сыры бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастық пен басбух өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бастық пен басбух өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бастық пен басбух өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бастық пен басбух өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері