Түлкі мен тиін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түлкі мен тиін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2373
Тиінменен бәс қылған
Түлкі айтты:
– Бас ұрман.
Тоқсан тоғыз айлам бар,
Қорықпаймын Қасқырдан.
Тиін айтты:
– Пайдам дәл –
Менің бір-ақ айлам бар
Сен сияқты тым ерке
Жайым жоқ-ау тайраңдар.
Олар сөйтіп тұрғанда,
Жетті Қасқыр бұл маңға.
Тиін талға өрмелеп,
Түлкі қалды тырбаңдап.
Айла таппай ұтымды.
Сол бойында тұтылды.
Тиін бір-ақ амалмен
Дұшпанынан құтылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түлкі мен тиін өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түлкі мен тиін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түлкі мен тиін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түлкі мен тиін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері