Жеткенше өріне осы отыз бестің –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Жеткенше өріне осы отыз бестің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеткенше өріне осы отыз бестің,
Алмасқан ыстық-суық не күн кештім.
Арманның жалғыз аяқ жолдарымен
Жолықсам саған, досым, өкінбеспін.
Деп жүрсем сарқылдым-ау, тартылдым-ау,
Түсіріп ақ көңілге әркім қылау,
Жүр-жүрлеп көзімді ашып дүниеге
Секілді қайта әкелген мартым мынау.
Келдің бе көктем болып, туған айым,
Тағы бір нәрестең боп іңгалайын.
Тіл бітіп енді қалай жырламаймын,
Ей, күнім, бұр бетіңді, бір қарайын.
Отыз бес, келдің мені армандатып,
Жанымды жұбата алмай жалған бақыт.
Көктемім, өтінемін сен мен үшін
Жүйкесін босат жердің қалған қатып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі