Арылу – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Арылу» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ұлы таудың ұшар басында,
Жап-жасыл аршалар астында,
Киесі:
Сүйегі қураған ғасырлардан да үстем
Патшаның алтын тәжіндей;
Иесі:
Жан үзер шағында зәмзәм суын ішкен
Зағип уәзірдей -
Құлазып тұр жалғыз құдық.
Әженің жүзін торлаған имани әжімдей
Бұлыңғыр бу көшкен түбіне
шайырлық сезіммен үңіле
қарадым,
жайып сап жанымның ақ-жасыл парағын.
Алғашқы һәм соңғы сезімдей
Көгілжім нұрлары көгінде... күліп...
Жанарым
Жұтылып ескі бір өлеңге...
Шымырлап жатыр түу тереңде -
Тереңде... тынық.
...Сан таңды құдықта атырған көз ілмей,
Баяғы Жүсіптің сөзіндей,
Рух
көбелегі қалықтап Айға
Кеткендей күй кештім сонда...
Айналам тып-тыныш. Тымық.

...Ұлы таудың ұшар басында,
Бағзы бір патшаның алтын тәжіндей
Құлазып тұр ескі құдық.
Уақыт дауылы мүжіп...
Мөп-мөлдір су көрдім:
құралайдың көзіндей,
Яки, сәбидің қарашығындай тұнық.
Ол - ессіз аңсар мен
Сағыныш сазынан жаралған
тап-таза іңкәрлік екен ғой.
Жұтар ма ем шөлім қанғанша құйып?!..
Көкжиекке көзімді тігіп
Жатсам көкорай шалғында сұлық,
Көгілдір толқындар көкірегімді жуып!
Жортсам бір сосын жалғыз бөрте бөкендей,
Қырқалар қиырларына жұлдызды жолағым сіңіп.
Ізімді сипалап ымырт...
.........................................................
Мен осы қиялдар әлемін мекендеп
Тұрғанда ой кешіп ұлық,
Төбемде жүрді тек шүйкедей ақша бұлт...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арылу өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Арылу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арылу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арылу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері