Құрбыға кеңес

Бұл бетте «Құрбыға кеңес» атты Гүлдана Бекболат жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бар ақпарын білдірсе де ,
"еліңіз" ,
Құрбыжаннан кеңес сұрай келіңіз..
Досыңыздай бола алмайды,
Не түрлі -
Мың пікір бар, "Вконтакте" желіңіз..!

Үстеліңде тұрса құп көр: "парақ" , "шам" ,
Салқын лебін сыйлап жатса , əр ақшам.
Тура сөзді көзің шалса түртіп ал ,
"Онлайн" деп көрсеткенде - "парақшаң"..!

Экранменен махаббатты өрсек-ті ,
Арқаласын.. "сағыныш" пен "мол сертті" !
Желікпеңіз !
Сый бермейді, жəй ғана-
"Жазып жатыр..." деген сөзді көрсетті..

"Өтінімдер" тыныш қоймай келсе мың..
"Табынушың" дегені емес , ел сенің.!
"Жазылғандар" саны артып тұрғанмен-
Көрсетпейді.. адамдықтың - "өлшемін"..

Кешкін..
ісі болса да сан жасаған ,
Ешкім бойын көрсетпесін "тасадан".
Жан пенденің барлығын да жақсы көр ,
"Достығыңда" тұрса дағы - "бес адам".!

Сен қазақсың..
серттен бекер тайып пе ең?
Шалыс ісің тең болмасын "айыппен"..
Бұл бір əлем , жаулап алып жаныңды ,
Өлшенбесін, "дəрежеңіз" - "лайкпен"..!

"Тəтті" сөзді "хаттарын" да атса мың ,
"Жансыз күлкі" көре қалсаң- батса мұң :
Жылулықты "телефоннан" күтердей ,
Жұбанышың боп алмасын - "WhatsApp"ың..

"Əзілім" деп желіде- мың ұрылдың ,
Жан - жағыңа мейіріммен бұрылғын !
Көптен бері кеп түспеген "чатыңда" -
"Теріп жатыр..." деп жатса да , "құрылғың"...

"Əлеуметтік əлем".. мейлі.
Айт аңыз !
"Шын жақсыңыз" боп қалмасын - "жəй таныс".!
Тəулігіңнің тең жартысын бөлердей -
"Инстаграм" бақ бермейді , "байқаңыз"..!

Комментария : "ақылдысың" , "сарысың" ,
- десін мейлі..
видео , сурет - бəрі сын..
Жылу бермес.. алыстағы- "ардақтың"..
"Тікелеймен" көрсетсе де , "əр ісін"..!

Айтпағым сол: "қатарыңмен тең өс" , - деп.
Елітпесін, жағымды сəт елестеп !
"Бөліссең" де , "бөліспесең" - еркіңіз,
Ұқсаң болды, "заманауи кеңес" деп...


Гүлдана БЕКБОЛАТ


Пікірлер (1)

Айка

керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрбыға кеңес өлеңінің авторы кім?

Гүлдана Бекболат — осы өлеңнің авторы.

Құрбыға кеңес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрбыға кеңес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлдана Бекболат өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрбыға кеңес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер