Кеш болса, біздің тауда – Есбол Нұрахмет

Бұл бетте «Кеш болса, біздің тауда» атты Есбол Нұрахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 486
Кеш болса, біздің тауда,
Бір ұдай күйге енетін.
Адамдардың көздерін көлегейлеп,
Кәрі тау Іңір – қызға үйленетін.
Сайқал Іңір бір мезгіл аймалайтын,
Құпиясын олардың елемей кеп,
Ай қарайтын.
Қашып жоғалады Іңір,
Жұлдыздар арасы күбір-сыбыр...

Сол сәтте мал қоралап қайтар әкем,
Даланың иісі аңқып байтақ, әсем.
Одан әрі Қыстаудың атырабын,
Тыныштық кесесіне матырады.
Бір кезде дөң басында ұзақ үріп,
Бөрібасар жұлдыз санап отырады...

...Аяз түйреген терезелер ішінде,
Сол сәтте сары бел Ай түсірген
Сағымға
Санамды байлап,
Түннің көкірегіне кірпігімді қадап,
Ақ сәулелі аппағымды ойлап,
Отырам үнсіз ертеңіме қарап.
Кіл нәзік бір әуен жетеді,
Қияли жолдармен қалықтап –
Біреу әндетеді,
Сағым билеген санамда шарықтап.

Айығып бір сәтке ойымның тұманы,
Сол әуен қалықтап тұрады.
Бұл – сенің әуенің!
Жетелеп әкетті, соңынан ердім.
Кетем қалғып,кетеміз – ғұмыр анық,
Қиял – төсек астында ыңыранып.
Көшеді әуен, кеудемде шұбырады,
Кетеміз біз, мысық түн қалар солай
екі қолын қолын мұрнына тығып алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеш болса, біздің тауда өлеңінің авторы кім?

Есбол Нұрахмет — осы өлеңнің авторы.

Кеш болса, біздің тауда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеш болса, біздің тауда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Нұрахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеш болса, біздің тауда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері