Ақырғы жол – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ақырғы жол» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1130
(аударма)

Қансонарда елесің де
алыс кетіп, қамады-ау мұң.
Сен - оралмас кемесің де,
Мен - бос қалған жағалаумын.
Желкен, қарды бүркендің бе,
Жұтты ма әлде мұз сеңдері?
Жырақтағы шіркеудің де
әлсіз оты тұр сөнгелі.
Қаласа аппақ түз жолын кім –
кетер соның жетегінде.
Жалынды ұқпас мұз көңілдің
сезінерсін, не екенін де...
Қар жамылған жағалаудан
сүйген жүрек үні барсын,
Күртік қарға тағаланған
сол үн сазын ұғынарсың.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақырғы жол өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ақырғы жол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақырғы жол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақырғы жол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері