Өзіңді ойлап – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өзіңді ойлап» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.07.2020
  • 0
  • 0
  • 5374
Өзіңді ойлап қайғыдан езіліп ем.
Аласұрған күйімді сез үнімнен.
Аң-таң болып әлі күн шошимын мен
Сенің көктем күніндей сезіміңнен.

Есім кеткен, өртенгем сағыныштан…
Бірақ ешкім озған ба жазымыштан.
Иә... мен де бұл күнде түңілгенмін
Көңіліңнен әркімге алып-ұшқан.

Мен өзімдей көргенмін. Бекер мұным.
Саған менен бұрындау жетер жырым.
Мен білмеппін сүйгенің, сағынғаның
Мүләйімсу, көлгірсу екендігін.

Қайтем. Қатал тағдырға жүгіндім мен,
Аңғалдарды жылатқан, түңілдірген.
Әлі сені қимаймын кінәлауға,
Өмір шығар сені де сүріндірген…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері