Түтін – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Түтін» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2794
Суық түннен тұрмақшы,
Таңда бақты тоңдырмақ.
Жас алманы ұрмақшы,
Жас өмірді солдырмақ.
Отын тасып арқалап,
Ана тынбай күтінді.
Алма ағашын қалқалап,
Салды түнде түтінді.
Суық әбден сорлады,
Ағашқа жол таба алмай.
Алмаларды қорғады,
Түтін бейне қамалдай.
Өзі де еріп барады,
Суық со бір түтіннен.
Таң алдында тарады,
Ақ түбіттей түтілген.
Гүл сәулесін себелеп,
Аздан кейін күн шықты.
Желпиді бір көбелек
Жел боп шайқап бүршікті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түтін өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Түтін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түтін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түтін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері