Малшы

Бұл бетте «Малшы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2407
Борандарда болмасын деп мал шығын,
Жанталасқан көрдім кезін малшының.
Көрдім оның мұз боп қатқан мұрттарын,
Көрдім оның жалғыз малта талшығын.
Аласапыран, алай-дүлей дүз боран,
Ауыл енді алыс емес, жүз қадам.
Бірақ боран алдап алып әкетті,
Хабарсыз да қалып жүрдік біз одан.
Көктем келіп жайғанда көк жөргегін,
Қолмен ұстап, көзбен көріп еңбегін.
Тұрды малшы күнмен бірге күлімдеп,
Маңдайынан сылап-сипап төлдерін.
Тұрса-дағы елу жастың өрінде,
Осал адам көрінбейді тегінде.
Табиғаттан айнымайды мінезі,
Ақпан қыстың аязы бар демінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Малшы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Малшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Малшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Малшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері