Гиссар

Бұл бетте «Гиссар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2000
Гиссар жасыл аралдай
Омырауы — абат бақ.
Қолдан соққан қамалдай
Ораған тау қабаттап.
Гиссар толы гүл-баққа
Алақандай арман жер.
Құмартқанмен бұл жаққа
Аса алмайды таудан жел.
Қыста да тұр гүл жарып,
Жаздың жасыл өзегі.
Мұрабтай жүр суарып,
Душанбенің өзені.
Гиссар — күннің от лебі,
Гиссар — таудың жас гүлі.
Тәжікстан көктемі,
Тәжікстан жастығы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гиссар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Гиссар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гиссар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гиссар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері