Тосын – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Тосын» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2601
Құмдарының шоқысы,
Көк торғынды жамылған.
Қеліншектей сән түзеп,
Сәукеле бұлттан салынған.
Қаршыға ұшып шыңында,
Қарсақ жортқан қалыңнан
Таулар көкке төркіндеп,
Оранған жібек сағымнан.
Аш қойныңды, Тосыным,
Келді ұлың сағынған.
Шыққан жоқсың, Тосыным,
Жалын күні жадымнан.
Көк аспанға өрлеген,
Шыңдарыңды сағындым.
Көлеңкесі көлбеген,
Нуларыңды сағындым.
Көктемде ұшқан деміңдей,
Буларыңды сағындым.
Бұлағыңмен суарып,
Қандыр шөлін жанымның.
1944
* * *
Сар дала сан ғасырдан келе жатқан,
Аялап алақанға алдың мені.
Жазында жаңа дүние қанат қаққан,
Көгінде ұшсыншы бір жанның лебі.
Қойныңда қоңыраулы өзендерің,
Ақкөңіл адал жанның пейіліндей.
Асқар тау — ақсақалды әкем менің,
Алтын күн — ардақты ана мейіріндей.
Бал күнім, сенде өтті балалығым,
Әлемнің рақатты көктеміндей.
Құшақтап қызыл барқыт дала гүлін,
Өмірде жүзіп барам көкте күндей.
Туған жер сіңіп кеткен тоғайыңа,
Балалық күндерімді алыс қалған
Естіп мен шаттанамын әрдайым да,
Жамыраған көшедегі дауыстардан.
1944


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тосын өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Тосын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тосын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тосын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері